Оралда бірнеше оқушы есінен танып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда бірнеше оқушы есінен танып қалды

04.05.2018

Оралда бірнеше оқушы мерекелік шеру кезінде есінен танып құлап қалды. Оқиға таңғы сағат 9-дар шамасында Атоян атындағы стадионда болған. Сап түзеп тұрған 11-сынып оқушысының кенеттен басы айналып, құлаған. Бұдан өзге, тағы 6 жасөспірім өздерін нашар сезініп тұрғандарын айтып, шағымданған.

Науқастар дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Тиісті ем-дом көрсетілген соң 6 оқушы үйлеріне жіберілген. Ал, 16 жастағы қыз бала жалпы соматикалық бөлімде дәрігерлердің бақылауында жатыр. Жеткіншектердің жаппай есінен танып құлауына маңайдағы саяжайларда масаға қарсы дәрінің себілуі себеп болуы мүмкін деген болжам айтылған еді.   

Айдана Серік, оқушы:

- Тамағымды ұстай бастадым. Дәрігерге апарды, олар су шашып, дәрі берді. Сосын басым айналып, дірілдей бастадым. Әрі қарай есімді білмеймін.

Александр Гехман, Көпбейінді балалар ауруханасы директорының орынбасары:

- Балалардың бас айналып, әлсіздік пайда болған. Қазір біз вегетативті қан тамырлары дистониясы диагнозын қойып отырмыз. Бірақ, бұл әзірге нақты емес. Ал, масаға себілген удан уланып қалды деген болжам  шындыққа жанаспайды.

Назерке ТОҚЖАН

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу