Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов «Серпін» бағдарламасы аясында келіп жатқан жастарға жеке үй салып беруге дайын екенін айтты. Жалпы, аймақта «Серпін» бағдарламасы бойынша мемлекеттік университет пен бес колледжде 1 114 бала оқып жатыр. Биыл алғаш рет мемлекеттік университеттің түлектері өз оқуын аяқтайын деп жатыр. Олардың оқуына, жататын жерлеріне, ішетін тамақтарына, сосын ауылына жылына екі рет барып келуге бюджеттен ақша бөлініп отыр екен.
Сондай-ақ, әкім серпіндік балаларды оқудан кейін өз облыстарында қалдыруға тырысып жатқандарын айтты.
Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
- Жуырда ғана кездесуде мен екі балаға былай деп айттым, «осы жерде үйленіп, балалы болсаңдар, біз сендерге тегін үй салып береміз». Осындай уәде бердім.
Азамат НҰҒЫМАНОВ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.
