«Болашақтың» 400-ге жуық стипендианты маусымнан бастап «Астана» банкі қызметін пайдаланбайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақтың» 400-ге жуық стипендианты маусымнан бастап «Астана» банкі қызметін пайдаланбайды

04.05.2018

«Болашақ» бағдарламасының 400-ге жуық стипендианты маусымнан бастап «Астана» банкі қызметін пайдаланбайтын болды. Бұған қаржы институтының шоттағы ақшаны шешуге шектеу қоюы басты себеп. Ал, шет елде 1300-дей студент оқып жатса, соның 327-сінде «Астана» банкінің картасы бар. Оларға шәкіртақыларын алу қиындық тудырғандықтан, халықаралық бағдарламалар орталығы басқа банкке ауыстыруды шешкен. Ал, жалпы, «Астана» банкімен арада келеңсіз жайт бола қалса, ол жөнінде хабарлануы тиіс. 

Талғат Асқаров, «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президентінің орынбасары:

- Мамыр айының шәкіртақысы 2 апта бұрын жіберіліп қойды. Яғни, 19-20 сәуірде. Біздің мәлімет бойынша стипендианттардың басым бөлігі қаражаттарын шешкен. Егер қандай да бір мәселе туындаса, бізді құлағдар ету керек. Бірақ, бүгінге дейін ондай ресми хат түскен жоқ. Кез келген келеңсіздікті жекелей қарап шешуге дайынбыз.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу