Павлодарда 11 млн. 500 мың қарағай көшеті отырғызылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда 11 млн. 500 мың қарағай көшеті отырғызылды

04.05.2018

2018 жыл Павлодарда экология жылы болып жарияланды. Соған орай, аймақтағы орман қорғау мекемелері  11 млн. 500мың қарағай көшеттерін отырғызды. Қылқан жапырақты ағаш тұқымы жылдағыдай тек тұқымбақтарда емес, облыс орталығына жақын аумақтарға егілді. Себебі, жасыл желектің бұл түрі басқа тұқымдастарына қарағанда оттегін көп бөліп, көмірқышқыл газын тез сіңіреді. Сондықтан, Павлодардың дәл іргесінде бірнеше жерден жаңа тұқымбақтар салынды. Мұнда ғалымдар мен студенттер жұмыс істейтін болады. Яғни, негізінен құмдауыт жерде тамыр жаятын қарағайдың қара топырақта көктеуіне сынама жасап, көшеттерді күтіп баптайды. 

Қазбек Аметов, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:

- Осы жыл - Экология жылы болып жарияланғандықтан, қала маңындағы бос жерлерге ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізіп отырмыз. 2500 гектар жерге ағаш көшеттері отырғызылды. Көшеттердің санына келетін болсақ, 11,5 миллион. Қарағай ағашы қаладағы үлкен зауыттардан шыққан ыс, түтіннің барлығын өзіне жинап алып, сүзгі ретінде қызмет атқарады.

 

Болат АМАНБАЕВ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу