Өскеменде электр қуатымен жүретін қоғамдық көлік жүре бастады. Экологиялық жағынан тиімді, небәрі он минут ішінде 70 шақырымға жететін қуат алады. Қазір бір айлық тест-драйв ретінде тек бір электробус сынақтан өтуде. Электробус дизельді автобустарға қарағанда 6-7 есе үнемді көрінеді. Егер мұндай көліктердің саны артса, Өскеменде электрмен қуаттандыратын қондырғылары орнатылады. Электробустар бұған дейін Қазақстанның 4 қаласында сынақтан сәтті өткен болатын.
Бақытбек Жақыпбекұлы қала тұрғыны:
- Автобустарды көріп, өте таңқалып тұрмын. Қазақстанға керек. Өйткені, Өскемен қаласы онсыз да газ шығарып жатыр. Бензиннен шыққан улы газдар халыққа зиян болғандықтан, электрлік автобустар көп болса деп ойлаймын.
Айдана ДАЙЫРОВА
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.