Басты Жаңалықтар Рухани жаңғыруға жол салатын ғылыми-ағартушылық бағыттағы жаңа жоба әзірленеді

Рухани жаңғыруға жол салатын ғылыми-ағартушылық бағыттағы жаңа жоба әзірленеді

Елдегі әлеуметтік бастамаларды алға жылжыту үшін ғылыми-ағартушылық бағыттағы жоба әзірленеді. Бүгін жобаға жауапты тараптардың қатысуымен алғашқы жиын өтті. Онда Дін істері министрлігі, «Нұр Отан» партиясы және Ассамблеяның ұсыныс-пікірлері ортаға салынып, әзірге жоспарлы шешім қабылданды. Бұл жоспар алдағы уақытта ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің талқысына шығарылып, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Мақсат – Елбасы тапсырмаларын сапалы орындау үшін интеллектуалды, сараптамалық және ұйымдастырушылық ресурстарды біріктіру. Қазақ халқының тарихы мен мәдениетін тануға бағытталған жоба жұмысына ең алдымен жастар және «100 жаңа есім» жобасының қатысушылары тартылады.

Дархан Кәлетаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

Елбасы жақында өткен ассамблея сессиясында министрлікке ассамблея хатшылығымен және «Нұр Отан» партиясымен қосылып, ағартушылық бағыттағы жоба жасау керектігін тапсырды. Қазір біріншіден, «Нұр Отан» партиясының өкілдері және ассамблея өкілдері келіп отыр. Сол кісілердің ұсыныстарын тыңдап, бірлесе нақты бір шешімге келсек деген ойдамыз.

Досымжан ЕРМҰРАТ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.
 

 

Бөлісу