Басты Жаңалықтар Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 20 сәби шетінеп кеткен

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 20 сәби шетінеп кеткен

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері бір жасқа дейінгі 20 сәби шетінеп кеткен. Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Олег Завьяловтың айтуынша, бала өлімінің басты себептерінің бірі – сәбидің айы-күні жетпей тууы.

Әсіресе, 500-700 грамм салмақпен дүниеге келетін шақалақтар көбіне шетінеп кетеді. 1 жасқа дейінгі сәби өлімінің 55 пайызы осы санатқа жатады.

Сондай-ақ, жалпы өсіп-жетілуінде кемістігі бар нәрестелердің де аяққа тұрып кетулері қиынға соғады.

Олег Завьялов, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:

- Сәбилердің өліміне әкелетін себептердің бірі, даму кемістігімен туатын балалар. Оның ішінде жүрек, ішек-қарын жолы және орталық жүйке жүйесінің кемістігі барлар. Біз оларды Астана қаласындағы кардиохирургия орталығына жібереміз, оң нәтижелер бар. Денсаулығына байланысты бара алмайтын сәбилерді елордалық әріптестеріміздің кеңесімен ем-дом жасаймыз.

Самат САПАРАЛЫ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу