Атыраулық жастар соғыс ардагеріне құрмет көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраулық жастар соғыс ардагеріне құрмет көрсетті

03.05.2018

«Ерлікке тағзым». Атыраулық жастар Жеңіс мерекесі қарсаңында ардагерлерді мерекемен құттықтады. «Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері «Фронтовичка» ардагерлер хорының негізін қалаушы, соғыс ардагері Анна Захарованың үйіне барды.

Ардагер майдан даласына аттанғанда небәрі 16 жаста болған. Қолына қару алып, елін, жерін қорғауда жанын аямаған ол сұрапыл соғыс жылдарын еске алды. Жастар ардагердің тағылымды әңгімелерін таңдап, батасын алды. Бүгінде Атырау облысында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан  бар-жоғы 30-ға тарта ардагер бар.  

Анна Захарова, соғыс ардагері: 

- Әлемде мәңгілік бейбітшілік болса екен деген менің бір-ақ арманым бар.  Сіздер сияқты жас ұрпақтың алаңсыз білім алып, елге қызмет етуін тілеймін. Ешқашан соғыс болмасын. Мен сол бір қиын да, қасіретті жылдардың куәгерімін. Оның бетін ары қылсын.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу