Қарағандыда 12 мың тұрғын мерекелік шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда 12 мың тұрғын мерекелік шеруге шықты

02.05.2018

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 12 мың қарағандылық мерекелік шеруге шықты. Биыл 350 жылдығы тойланғалы отырған Бұқар жырау бабаның атындағы даңғылмен жүрген шерушілер орталық демалыс саябағындағы жағалауға дейін барды. Ал, бұл аумақта этномәдени фестиваль өтті. Оған 300-ден астам адам қатысты. Сондай-ақ, салтанатты шара гала-концертке ұласты. Жалпы, өңірде 75 этномәдени бірлестік бар. Биыл соның 24-не жыл сайынғы дәстүр бойынша облыс әкімінің гранты табысталды. Бұл қаражатты орталықтар өздерінің жұмысын жан-жақты дамытуға, түрлі шаралар ұйымдастыруға жұмсамақ.

Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі:

- Замана көшінде еліміз талай тар жол, тайғақ кешуден өтті. Бірліктің арқасында бүгінгі бейбіт өмірге қол жеткіздік. Қазақстан бейбітшіліктің бесігіне айналды. Татулық пен тұрақтылықтың үлгісі ретінде біздің еліміз әлемге танылды.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу