Мектеп оқушыларының сабақ кезінде қайтыс болу деректері жиілеген
Елімізде анестезиолог мамандар тапшы. Бүгінде олардың саны республика бойынша 2700-ден астам. Әлі де 200-дей маман қажет. Астанада анестезиологтар мен реаниматологтардың II конгресі өтіп, саладағы түйткілді мәселелер талқыланды. Шараға АҚШ, Израиль, Италия, Польша мен Ресейді қамтығанда 14 елдің дәрігерлері қатысты. Жиында қоғамдық орындарда дефибриллятор орнату қажеттілігі, саладағы маман тапшылығын шешу жолдары айтылды. «Ол үшін жалақыны көтеру жайын ойластыру қажет», - дейді мамандар. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі орынбасары Ләззат Ақтаеваның сөзінше, мектеп оқушыларының сабақ кезінде қайтыс болу деректері жиілеген. Сондықтан, білім ордаларында заманауи құрылғы орнату қажеттілігі артып отыр.
Төлеген Жұмабеков, медицина ғылымдарының докторы, профессор:
- Біздің елде көптеген жекеменшік клиникалар құрылып жатыр. Көбісі сонда кетіп жатыр. Тапшы болатын себебі де сол. Бірақ, анестезиологтар оқытылып жатыр.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы