Бүгін 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Мемлекеттік мейрам елімізде 1996 жылдан бері тойланып келеді. 1995 жылдың 18 қазанында Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамырды жаңаша атау туралы Жарғыға қол қойды. Бұған дейін мереке Еңбек күні болып атап өтілді. Ал, бүгінде бұл мейрам күнтізбеге енгізіліп, демалыс күні ретінде белгіленді. Ұлт-ұлыстың бірлігі мен ынтымағын ұлықтайтын бұл күн елдің түкпір-түкпірінде тойланады. Мерекелік шеру өтіп, бұқара сауық құрып, сан ұлттың достығы мен татулығы паш етіледі.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ