Ақтөбе облысында жыл басынан бері 471 адам құтырмаға қарсы екпе жасатқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 471 адам құтырмаға қарсы екпе жасатқан

27.04.2018

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 471 адам құтырмаға қарсы екпе жасатып, медициналық көмекке жүгінген. Олардың көпшілігін үй жануарлары мен түлкі тістеген. Жергілікті ветеринарлар аурудың алдын алу мақсатында онлайн конференция өткізді. Облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті таратқан мәліметтер бойынша биыл Ырғыз, Шалқар және Қобда аудандарында үй жануарлары арасында 5 ауру дерегі тіркелген. Мамандар індетке қарсы тиісті іс-шара жүргізді. Яғни, бірнеше тұрғынға және ұсақ малға, ірі қараға вакцина егіліп, залалсыздандыру жұмыстары жасалды. Профилактикалық шараларға биыл бюджеттен шамамен 52 миллион теңге қаражат бөлінген.

Туғанай Нұрғалиева, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

- Ауыл шаруашылығы малдары арасында, иттер мен мысықтар арасында құтырма ауруының алдын алу мақсатында жыл сайын оларды құтырмаға қарсы егу жұмыстары жүргізіледі. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жүргізіледі. 2018 жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша облыс аумағында 7015 ит, 307 мысық және 2 түлкі ауланған.

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу