«Мемлекеттік және жекеменшік оқу орындары жастардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдайды жасауы тиіс. Бұл - Елбасының талабы». Оңтүстік Қазақстан облысындағы білім беру мекемелерінің ұжымымен кездескен депутат Әбдіманап Бектұрғанов осылай деді. Халық қалаулысы дуальды оқыту тәжірибесін енгізген Шымкент аграрлық колледжіне барды. Агроөнеркәсіп саласына мамандар дайындап жатқан іргелі оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты. Студенттер жасаған тұқымбағын көрді. Мұндағы жастар түрлі ғылыми тәжірибелердің арқасында инкубаторда бөдене балапандарын шығарады. Өз күштерімен баптап отырған жылыжай да жайқалып тұр.
Әбдіманап Бектұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Кадрларды теориялық бағытта дайындаймыз да, практикада қалай болатынын білмей жатамыз. Сондықтан, біраз проблемалар бар. Соның бірі - колледждердің материалдық-техникалық базасын жетілдіру.
Ғани ҚАЛМАХАН
