Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінің басын қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінің басын қосты

26.04.2018

Ішкі істер министрлігі Астанада Ұлттық академиялық кітапханада өз қатарындағы мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінің басын қосты. «Татулық – достық тірегі» атты жиында қазақ тілін қызметте де, өмірде де қолдана білетін басқа ұлттың азаматтары оны қалай меңгергендерімен бөлісті.

Араларында Абай Құнанбаевтың өлеңін әдемі әуенмен айтып бергендер де болды. Басқосудың мақсаты - полиция қызметкерлерінің арасында тілдің маңыздылығын әспеттеп, көпшілікті қазақша сөйлеуге шақыру. Құзырлы органда талай жылдар еңбек еткен ардагерлердің айтуынша, полициядағы қазақ тіліне деген бетбұрыс бұрынғыдан жоғары.  

Денис Яковлев, ҚР Ұлттық ұлан ән-би ансамбльнің қызметкері:

- Жалпы, кез келген тілді үйрену үшін оның ортасына бейімделу керек. Мерзімді әскери қызметшілері 24 сағат бойы бірге жүреді. Бір сапта тұрған соң ара-қатынастың маңызы ерекше. Өйткені, қазақ тілін білу - әр бір азаматтың қасиетті борышы. Келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтаймын. 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу