Басты Жаңалықтар Қолдан басқаруды қойып, автоматтандыру жүйесіне мән берілуі тиіс

Қолдан басқаруды қойып, автоматтандыру жүйесіне мән берілуі тиіс

Цифрлық технологиялық заманда қолдан басқаруды қойып, автоматтандыру жүйесіне мән берілуі тиіс. Осы ретте 18 млн. тұрғыны бар Қазақстан халық саны едәуір көп басқа мемлекеттерге қарағанда, бірнеше есе мобильді, ақылды әрі кәсіби болуы аса маңызды. Жалпы, трансформация бизнес немесе өндіріс деңгейін көтеру үшін ғана емес, адамдардың экономикалық жағдайға түсінігін өзгерту үшін қажет. «Болашақ ұйымы» ХІІІ халықаралық HR-конференциясының өту мақсаты да сол. Жиынға 17 индустрия мен 200-дей компанияның өкілі қатысып, адам ресурстарын басқару, дамыту және капитал құю тақырыбын қаузады.   

Энди Бартон, Спортшыларды тұлғалық жетілдіру жөніндегі тәлімгер /Ұлыбритания/:

-Адамды ынталандыру, жігерлендіру үшін өзіндік мақсатынан бөлек, ауқымды әрі рухани армандары болуы тиіс. Мысалы, әлемді құтқару, табиғатты қорғау, адамгершілік үшін күрес. Бұл оны қанаттандырып, алғашқы мақсаттарын оңай бағындырады. Ғаламда агрессия көбейді, бірін-бірі орынсыз сынау, қақтығыстар. Мен соны тоқтатсам немесе мейлінше азайтсам деген ұстанымым бар. 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Бөлісу