Алматылық тіл ғалымдары үштілді білім беру жүйесінің мәселелерін талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық тіл ғалымдары үштілді білім беру жүйесінің мәселелерін талқылады

25.04.2018

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында өткен жиында мамандар химия, биология, физика пәндерін ағылшын тілінде оқытуға қатысты пікір алмасты. Сондай-ақ, орыстілді мектептерде «Қазақстан тарихын» қазақ тілінде, ал, қазақтілді мектептерде «Дүниежүзі тарихын» орыс тілінде оқыту бастамасы қаралды. Жиында латын қарпін білім беру саласына дұрыс енгізу ісі де айтылды. Өйткені, ғалымдардың сөзінше, ұлттық сананы қалыптастыруда тілдің атқарар рөлі зор. Сондықтан, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін бір мезгілде үйретудің тиімділігін арттыру керек. 

Ақбота Тұрағұлқызы, филология ғылымдарының кандидаты:

-  Шын мәнінде тілді үйренемін деген адамда бірінші патриоттық сезім болуы керек. Патриоттық сезім бар кезде, сол халықтың мәдениетін, дәстүрін сыйлаған кезде және сол тілде сөйлейтін адам секілді ойлаған кезде, біз белгілі бір нәтижеге жетеміз деп ойлаймын.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу