Басты Жаңалықтар Мал шаруашылығын дамыту жөнінде үкіметтік бағдарлама қабылданады

Мал шаруашылығын дамыту жөнінде үкіметтік бағдарлама қабылданады

Елімізде мал шаруашылығын қарқынды дамыту жөнінде арнайы үкіметтік бағдарлама қабылданбақ.

Бұл туралы Алматы облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев айтты. Өңірлердегі бизнес субъектілерімен кездескен министр жергілікті шаруашылық иелерін «Ет өңдеу мен өндіруге» байланысты жаңа бағдарламаның жоспарымен таныстырды.

Осының аясында алдағы 5 жылда еліміздегі жайылымдық жерлердің көлемі артып, салада 400 мыңнан астам жұмыс орны ашылатындығын жеткізді. Ал, бүгінде еліміз бойынша мал шаруашылығымен айналысатын 30-дан астам ірі шаруашылық пен 16 мыңнан астам фермер бар.

Өмірзақ Шөкеев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі:

- Осы шаруашылыққа ары қарай инвестиция құйып, мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, күш жұмсап, дамытып жіберу керек. Біздің бағытымыз 5-6 жылда үлкен шаруашылықтардың санын 100-ге, ал, фермерлардың санын 100 мыңға жеткізу.

Амангелді СЕЙІТХАН

Бөлісу