Үздік жұмыстар Назарбаев орталығында өткен конференцияда таңдап алынды. IT саласындағы жас өнертапқыштардың әлемдік алаңға шығуына былтыр қабылданған «Smart Zholy» бағдарламасы жол ашты.
Осы шара аясында еліміз бойынша 1 мыңнан аса жас оқытылды. Олардың ішінен үздік 20 топ іріктелді. Енді 5 жоба сингапурлық инвесторлардың қаржыландыруымен шетелде жүзеге асады. Ал қалған 15-і өз елімізде іске қосылады. Олардың кейбірі медицина, логистика, құрылыс салаларында сәтті қолданылып келеді.
Әли Шайхыислам, «Smart Zholy» бағдарламасына қатысушы:
- Біз көлік иелеріне айыппұл бар-жоғын тексерулеріне және де егер бар болған жағдайда төлеуіне мүмкіндік береміз. Ол өте ыңғайлы және жеңіл түрде жасалған. Көлік иесін көшедегі камера түсіріп алатын болса, біз өзіміздің мобильді қосымша арқылы ескертеміз.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ