Қазақстандық ұстаздар мемлекеттік тілді оқытудың креативті тәсілін ұсынды
Осылайша, олар ана тілімізді жетілдіруді көздейді. Байқау түрінде ұйымдастырылған бұл шараға елдегі 300-ге жуық ұстаз қатысқан болатын. Тәлімгерлер білім додасының алғашқы кезеңінде эссе жазса, келесі кезеңде сабақ берудің, тіл үйретудің тың әдісін көрсетті.
Республикалық байқау қорытындысы бойынша 30 ұстаздың еңбегі креативті деп танылып, үздіктері жүлделі марапаттарға ие болды. Енді олардың еңбектері өзге оқу орындарына үлгі болу үшін әлеуметтік желілерде таратылады.
Рахымбек Жолаев, Жалпы білім беру пәндері және тілдік даярлық жоғары мектебінің директоры:
- Жалпы жаңалықтар өте көп. Бірақ, солар қаншалықты жүйелі түрде мектептерге енгізіліп жатыр, сапасы қаншалықты? Оның оқушыға берері қанша? Ол мәліметтерді ұстаздардың өзі түсініп, игере алды ма? Осы талаптарды байқау үшін, сараптау үшін жүргізіліп отырған шара.
Нұрсұлу Тұрғымбаева, ұстаз /Өскемен/:
- Дәстүрлі әдістен шығу керек. Сонда ғана біз тілді меңгере аламыз.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
