Басты Жаңалықтар Арзан несие беру тетіктері өзгерді

Арзан несие беру тетіктері өзгерді

Кәсіпкерлікті қолдауға бөлінетін жеңілдетілген несие тек бизнесті жаңадан бастайтын азаматтарға беріледі. Бағдарламаға биылдан бастап осындай өзгеріс енді. Бұл туралы бүгін Ұлттық экономика министрлігінің өкілі айтты. 

Президенттің бес бастамасына сай, кәсіпкерлікті қолдауға қосымша 20 миллиард теңге бөлініп, жалпы сома 63 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды. Бағдарламада ұсақ жобалар мен кішігірім кәсіптерге баса мән беріледі. 

Сондай-ақ, бұл қаржы қолданыста бизнесті кеңейтуге емес, кәсіп бастауға енді ниеттеніп  жүрген жұмыссыздар мен өзін-өзі қамтыған азаматтарға беріледі. Жеңіл несие алудың тағы бір талабы бар. Ол бизнес бастама бұрын алдымен кәсіпкерлік негіздерін оқып үйренуі керек. Кәсіпкерлік курстарын «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына қарасты сертификатталған бизнес бапкерлер жүргізеді.

Шыңғыс Ахметов, ҚР Ұлттық экономика министрлігі департамент директорының орынбасары:

- Қаражаттың сомасы бүгінгі күнге дейін 8 МРП 19 млн. теңгеге дейін барады және оның құны 6 пайыздан аспайды.  Бұл коммерциялық банктермен салыстырғанда әлдеқайда аз. Оларда 20-25 пайыз. Өте жақсы ұсыныс деп біліп отырмыз.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Бөлісу