Семейдің медицина университетінде жұмыс берушілердің 7-ші съезі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейдің медицина университетінде жұмыс берушілердің 7-ші съезі өтті

20.04.2018

Еліміз бойынша медицина саласының мамандары тапшы. Тіпті, қорғаныс, ішкі істер саласында да дәрігер жетіспеушілігі  байқалады. Бұл туралы Семейдің медицина университетінде өткен жұмыс берушілердің 7-ші съезінде айтылды. Қазақстанның 10 облысынан 130-дан астам мекеме өкілдері жас дәрігерлерге сұраныс жасап, жиынға арнайы келген. Өңірлерден түрлі ұсыныс жасап келген мекеме өкілдерімен бір күнде бітіруші жас мамандар 400-ге жуық келісімшартқа қол қойған. Оқу орны мамандарының айтуынша, жыл сайын осылайша ұйымдастырылатын жұмыс берушілер жәрмеңкелерінде білім ордасы түлектерінің түгелі дерлік жұмыс табатын көрінеді. Ал, биыл жас дәрігерлерге өзге ведомстволардан да сұраныс көп түскен.

Ерсін Жүнісов, Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің ректоры:

- Биылғы түлектерді жұмыспен қамтамасыз етуге тырыстық.

Арай Жасұланқызы, Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің түлегі:

- Өзімнің туған жерім Үржар ауданына барып, жұмыс жолымды бастасам деймін. Менің ойымша, ауылда жұмыс істеген жақсы. Ол тәжірибе жинақтауға мол мүмкіндік.

Р.МАДВАСОВА

Хабарламаларға жазылу