Шыбын-шіркейді құртуға Павлодар облысы бюджетінен 580 млн. теңге қаржы жұмсалады. Қазірдің өзінде ғылыми топ бір шаршы метр жерде зиянкестердің 500-ден астам дернәсілі бар екенін анықтады. Олар қанаттанып кетсе үш есе көбеймек. Қансорғыштар ошағы негізінен батпақты жерлер және Ертіс өзенінің қос қапталындағы шабындықтар. Биылғы улау жұмыстары жылдағыдан ерте, яғни, сәуірдің 20-нан кейін басталмақ. Шыбын-шіркейге шағын ұшақтармен әуеден де дәрі себіледі. Биыл зиянкестерден тазаланатын аумақ 20 мың гектарға көбейді.
Ерлан Түргелдинов, облыстық Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының бас маманы:
- 2017 жылдың желтоқсан айында конкурс өткізіліп, 199484 литр биологиялық препараттар сатып алуға келісімшарт жасалды. Биыл Шығыс Қазақстан облысы шекарасынан бастап, Ресей аумағына дейінгі Ертіс өзені бойындағы 800 шақырым жерде шыбын-шіркейлерді улау жұмыстарын жүргіземіз.
Болат АМАНБАЕВ