Бұл туралы бүгін Бас прокуратурада өткен баспасөз жиынында айтылды. Мемлекет басшысының қылмыстық процестерді ізгілендіру аясында атқарылған жұмыстарының нәтижесінде 12 миллиард теңге үнемделген. Прокурорлар таратқан мәліметтерге қарағанда сотталушылар арасында өлім саны артқан. Түзеу мекемелерінде 756 мүмкіндігі шектелген, 25 ісік ауырына шалдыққан адам бар. Бас прокурор оларды мерзімінен бұрын босату үшін құзырлы органдарға тізімді науқастар тізімін қайта қарауды тапсырды. Сондай-ақ, жиында абақтыда жиі орын алатын құқық бұзушылық мәселесі де сөз болды.
Оксана Лоскутова, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:
- Прокурорлар есірткіні әшкереледі. Колония қызметкерлері 9 ұялы телефон өткізбек болды. Олардан діни кітаптар тәркіленді.
Сондай-ақ, жиында жазасын өтеп жатқан бұрынғы шенеуніктердің жағдайы сөз болды. Бас прокутура «Астана ЭКСПО»-ның бұрынғы төрағасы Талғат Ермегиявтың оқиғасынан кейін еліміздегі барлық түзеу мекемелерін тексеріп, ешқандай да VIP камералар жоқ екендігін айтты. Ал, «Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев қазір аптасына екі рет дәрігердің қарауында болады. Ол туыстарымен кездесіп, қажетті көмегін алып отыр.