Елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейі азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде сыбайлас жемқорлық деңгейі азайған

19.04.2018

Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сенім білдірген азаматтардың үлесі соңғы екі жылда 18 пайызға артты. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мәлімдеді. Бүгінде парақорлыққа қарсы стратегияның бірінші кезеңі сәтті аяқталған. Оның нәтижесі бойынша Қазақстан сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша әлемдік рейтингте 122-орынды иеленді. Алдағы мақсат - көрсеткішті жоғарылату. Мәселен, елордада «Астана - адалдық алаңы» атты жобасы іске асырылуда. «Сондай-ақ, келешекте кез келген саланы цифрландыру арқылы жемқорлық фактісі азаяды», - дейді мамандар. Себебі, цифрландыру арқасында пара алушы мен берушінің арасында тікелей байланыс жойылады.

Саян Ахметжанов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы:

- Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық жұмысында, құқық қорғау органдары қызметінде, салық салуға қатысты жағдайларда пара алу фактісі көп тіркеледі. Сондықтан, осы қызметтерге  мониторингтік бақылау үнемі жүргізіліп отырады. Яғни, үкіметтік емес ұйымдардың маңызы зор. Бұдан өзге, тұрмыстық жемқорлықты азайту мақсатында бірқатар жұмыс жүргізіліп жатыр.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу