Басты Жаңалықтар Аягөзде су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау мақсатында қайырымдылық кеші ұйымдастырылды

Аягөзде су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау мақсатында қайырымдылық кеші ұйымдастырылды

«Туған жерге сағыныш». Шығыс Қазақстан облысына қарасты Аягөз қаласында өңірдің тумасы, ақын-сазгер Асхат Сүйіндіктің қайырымдылық кеші өтті. Шығармашылық шара су тасқынынан зардап шеккендер мен науқас бала Іңкәр Аманжолованы қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Оған бүйрегін ауыстыру үшін күрделі операция жасалмақ. Ақын-сазгер Асхат Сүйіндік Аягөз ауданы Тарбағатай ауылының тумасы. Ол тұңғыш шығармашылық кешін туған жерінде өткізді. Асхат Оңғарұлы 100-ге тарта өлеңнің авторы, 70-ке жуық әнге сөз жазған. Қайырымдылық шарада Асхат Сүйіндіктің өлеңдері оқылып, әндері орындалды. «Бұл шара су тасқынынан  кейінгі елдің еңсесін көтерді»,- дейді көрермен. 

Жанарбек Бекбай, көрермен:

- Бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрді жаңғыртып, қайырымдылық көрсету, имандылық жағын жоғары қойып отырғандығын көріп отырмыз.

Серікзат Дүйсенғазы, ақын:

- Елге әркім шамасының келгенінше үлес қосуы керек. Туған жер мәселеcі Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылады. Туған жерге әркім көмектесуі керек. Бизнесмен бизнесімен, ақын өлеңімен, композитор әнімен, әнші өнерімен, суретші суретімен. 

Бөлісу