Павлодар облысында аудан әкімдігі фермерлерді демеуші болуға мәжбүрлеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында аудан әкімдігі фермерлерді демеуші болуға мәжбүрлеген

16.04.2018

Павлодар облысы Успенка ауданы әкімшілігі мерекелік шараларға демеуші іздемеудің айласын тапқан. Мәселен, жер алуға өтініш берген шаруа қожалықтары мен фермерлерді сыйлық сатып алуға, мемлекеттік мерекелерді өткізу, мешіт пен мектептерге қаржылық қолдау көрсетуге мәжбүрлеген.  Тіпті, заңнамалық негізі болмаса да, арнайы шарттарын белгілеп, оларды жерді жалға алу кезінде өткізілетін конкурстық құжаттар тізіміне қосқан. Сөйтіп, жер телімін пайдалану құқығына ие болған адамның мойнына ауданға демеуші болу міндеті қоса жүктелген. Бұдан шаршаған шаруалар құқық қорғау органдарына шағымданды. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, жауапты мемлекеттік лауазым иелері енді қызметтерінен кетеді.

Әділбек Мұқашев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:

- Егер адам егін салу үшін жер учаскесін алатын болса оны қалай абаттандыруы керек? Қажеті не оның? Аудандық Жер қатынастары бөлімі осы талапты алып тастап, оның орнына демеуші болуды жүктедік деп ақталмақшы. Облыстағы он  ауданның ішінде жалғыз ғана Успенкада осындай келісімшарт жасалған. Мемлекет меншігін жалға беріп, меценат, демеуші табу  деген еш заңда жоқ.  

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу