Павлодар облысында мал шаруашылығын дамыту мәселелері қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында мал шаруашылығын дамыту мәселелері қаралды

16.04.2018

Еліміз алдағы 9 жылда әлемдегі аграрлық экспорттық өнімдер шығаратын ірі өндірушілердің алғашқы бестігінен орын алады. Мұның нақты мүмкіндіктері 2027 жылға дейін етті мал шаруашылығын дамытуға арналған арнайы бағдарламада көрсетілген. Осыған қатысты мәселелер Павлодар облысында өткен арнайы жиында талқыланды. Оған Кереку өңірінің ғана емес, Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарының өкілдері де қатысты. Мәліметке қарағанда бүгінде елімізде 7 млн-ға жуық қара мал өсіріледі. 2027 жылға дейін олардың санын 15 млн-ға жеткізу жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде Қазақстан қазір жылына құны 30 млн. АҚШ долларына бағаланатын ет экспорттаса, 9 жылдан кейін 2,4 млрд. АҚШ долларына жетпек. Арман Евниев аймақтағы ірі шаруашылықтарды аралады.

Александра Вуторина, ет өндіруші кәсіпорын директорының орынбасары:

- Біз тәулігіне 15 тонна өнім шығарамыз. Экспорттау мүмкіндігіміз мол. Ал, кәсіпорынның технологиялық қуаттылығын екі-үш есеге дейін ұлғайтуға болады. Жаңа бағдарламадан түйгеніміз, мемлекет соған жағдай жасап жатыр, жан-жақты көмек береді. Бұл біздің еңбекке деген құлшынысымызды арттырады.  

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу