Мүгедектерге берілетін жеңілдіктер және жұмыспен қамту жайында арнайы кездесу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүгедектерге берілетін жеңілдіктер және жұмыспен қамту жайында арнайы кездесу өтті

12.04.2018

Цифрландырудың мемлекеттік қызмет түрлерін пайдалануда пайдасы зор. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай туғызып отыр. Бұдан басқа, мүгедектерге берілетін жеңілдіктер және жұмыспен қамту жайында арнайы кездесу өтті. Жауапты мамандар әлеуметтік көмектер туралы кеңінен түсінік берді.

Сондай-ақ, жиын үстінде қамкөңіл жандарға қызмет ұсынылып, тағы басқалары электрондық қолтаңба жасатып алды. Бұл үйден шықпастан кез келген құжатты рәсімдеуге мүмкіндік береді. 

Расул Медетов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директорының орынбасары:

- 2017 жылы 164 млн. мемлекеттік қызмет көрсетілген болса, оның 49,9 пайызы электронды түрде жүргізілді. Ол дегеніміз халықтың жағдайын жақсартады, оның уақытын, қаражатын үнемдейді. Екіншіден, біздер сыбайлас жемқорлықтың тұрмыстық деңгейін азайтамыз. Яғни, мемлекеттік қызмет беруші мен мемлекеттік қызмет алушының арасындағы байланысты жоямыз.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу