Жаңажол-Ескелді бағытындағы көпірді су шайды
Қар суынан Баянауылдағы Ащысу өзені көтеріліп Жаңажол-Ескелді бағытындағы шағын көпірді су басты. Дегенмен, қазір көліктер еш кедергісіз әрлі-берлі өтуде. Былтыр бюджеттен қаржы бөлініп, екі бірдей бөгет салынған болатын. Ағын су көпірге кептелмеуі үшін ұзындығы 800 метр, ені 12 метрлік суағар жасалды. Сол арна арқылы Қарағанды жақтан келетін тасқын су Ащысу өзеніне құйылуда. Көктем сайын су басатын Қараащы ауылына биыл еш қауіп жоқ.
Ғалым Әмиев, Сәтбаев ауылдық округінің әкімі:
- Алғашқы су осыдан 10-15 күн бұрын өткен болатын. Одан кейін екінші легі үш күн бұрын келді. Биылғы жылы судан еш қауіп жоқ деп ойлаймыз. Алдын алу жұмыстары аудан көлемінде, біздің ауылдық округ көлемінде жасалды.
Болат АМАНБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
28.07.2026, 20:07
Желілерді жаңартуға 13 триллион теңге бөлінеді
28.07.2026, 20:05
Әлеуметтік желі арқылы заңсыз контент таратқан 9 стример жауапқа тартылды
28.07.2026, 20:05
Қайтыс болған адамның несиесі кімге жүктеледі?
28.07.2026, 20:05
Қарызды өтеу: Коллекторлардың қызметі өзгереді
28.07.2026, 20:04
Жылу жүйелерін жөндеуге 28 миллиард теңге бөлінді
28.07.2026, 19:58
Түркияда той-думанда ысырапқа жол берілмейді
28.07.2026, 17:08
Дастан Сәтпаев «Челсидегі» алғашқы голын соқты
28.07.2026, 17:07