Ғарыш туралы дүниежүзілік заң бекітілуі тиіс. «Космос қайдан басталып, қай жерден бітеді және оны игеруді негіздейтін құжат болуы керек», - деп есептейді Тоқтар Әубәкіров. Халық қаһарманы бұл ойын әлемдегі космонавтика саласындағы соңғы жаңалықтарға қатысты білдірді. Мереке қарсаңында қазақтың тұңғыш ғарышкері жаңадан құрылған Байқоңыр ауданына шақырылған еді. Оған әскери-тарихи музейдегі жәдігерлер таныстырылды. Бұдан соң ғарышкерлердің құрметіне концерт қойылды. Тоқтар Әубәкіров көпшіліктің көрсетіп жатқан зор ілтипатына ризашылығын айтты. Сондай-ақ, ғарыш технологиясынан қалмас үшін әлемдегі іс-әрекетті бағып, ойларын оқып отыру керек деген тілегін жеткізді.
Тоқтар Әубәкіров, Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы:
- Ғарыш деген не екенін түсінуіміз керек. Ғарышта не бар, оның қандай пайдасы бар екенін. Ғарыш менің ойымша, болашағымыз, Жердің болашағы. Жерде энергия төмендей бастағанда ғарыш көмектеседі. Сақтайтын ғарыш болады. Олай болатын болса, бүкіл қазақстандықтар мереке тойға қатынасы бар деп ойлаймын. Құтты болсын!
Нысаналы ЫҒЫЛ