Қоршаған ортаға деген құрмет бала-бақшадан басталу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоршаған ортаға деген құрмет бала-бақшадан басталу керек

11.04.2018

Қоршаған ортаға деген құрмет бала-бақшадан басталу керек. Осы қағиданы ұстанған мектепке дейінгі білім мекемелері «Жарқын болашақ» атты экофестиваль ұйымдастырды. Оған елордадағы үш бала-бақша қатысты. Мақсат – бүлдіршіндерді қаршадайынан экологияны таза ұстауға, табиғат ресурстарын үнемді пайдалануға үйрету. Фестиваль аясында ұстаздар қоршаған ортаға қатысты қызықты ақпараттармен бөлісті. Балғындар болса, табиғат жайлы ән шырқап, өз өнерлерін ортаға салды. Өз қолдарымен салған әдемі суреттері арнайы ұйымдастырылған көрмеден көрініс тапты. 

Аида Байботанова, № 63 «Әсем-ай» бала-бақшасының меңгерушісі:

- Мектепалды даярлық топтарында балалар өздерінің жобаларын қорғап шықты. Сурет сабақтарында табиғатқа деген сүйіспеншілігін суретте салып отырды. Содан кейін балалар ата-аналармен бірлесіп ледпукт жобасын жасады.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу