Ертісте су деңгейі көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертісте су деңгейі көтерілді

10.04.2018

Павлодардың судан құтқару қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Себебі, Ертіс жылдағыдан ерте тасуы мүмкін. Бұған Шүлбі су қоймасынан авариялық судың жіберілуі себеп болды. Қазір Шығыс бағыттан секундына 1800 текше метр су келіп жатыр. Соның салдарынан мұз қабаты күрт жұқарған, енді бірер күнде сең қозғалады деген болжам бар. Осыған байланысты өткелдер тегіс жабылып, өзенді қапталдай отырған елді мекендерде сақтық шаралары қолға алынып жатыр.

Серік Шериязданов, ТЖД жедел құтқару жасағы бастығының орынбасары:

- Су күніне 15-20 сантиметрге көтеріліп келе жатыр. Мұздың үстінде болу өте қауіпті. Осы Ертіс бойын тәулік бойы бақылауда ұстаймыз. Әсіресе, әуесқой балықшылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. 2-3 күннен кейін мұз қозғалады.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу