Қостанай облысында ауыл-аймақтардың 32 пайызы ғана сумен қамтылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында ауыл-аймақтардың 32 пайызы ғана сумен қамтылған

10.04.2018

Қостанай облысында елді мекендердің 32 пайызы ғана орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Қалғандары ауыз суды тасып ішеді, болмаса, құдықтан алады. Мәселен, былтыр 220 шақырымға жуық су құбыры тартылды. Биыл өңірдегі ауылдарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін өткен жылға қарағанда екі есе көп қаржы бөлінді. Жыл аяғына дейін 13 жобаны жүзеге асыру көзделген. Нәтижесінде,  ауыл-аймақты таза ауызсумен қамтамасыз ететін 8 нысан іске қосылды.

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:

- Биыл Арқа мен Ағаштыкөл ауылдары орталықтандырылған су жүйесіне қосылады. Ол елді мекендерде 2 мыңға жуық адам тұрады. Сондай-ақ, 7 ауылдың сумен қамтамасыз ету желісі жаңартылады. Сонда барлығы 50 мыңдай адам сумен қамтамасыз етілетін болады. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша осы шараларға 5 млрд. теңге бөлінген.

Данияр СҰЛТАНҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу