Ұшатын көлік: Илон Маск жаңа Tesla Roadster гиперкарын таныстырды
Илон Масктің Tesla компаниясы осы аптада таңдай қақтырды! Техас штатында өткен таныстырылымда ұшатын спорткарын көрсеткен, «Уау!» демеске шараң жоқ! Фантастика!
Көрсетілім кезінде бұл гиперкар арнайы трамплинмен өрмелеп, ауаға көтерілді, сальто жасап айналды және газ бүріккіштерінің көмегімен жерге баяу әрі қауіпсіз қонды.
SpaceX ракеталық технологияны қолданған: көлікке кәдімгі жанармаймен жанатын ракета қозғалтқышы емес, ғарыш кемелерінде қолданатын суық газды тұтандырғыштар жүйесі орнатылған. Салонның артында жоғары қысыммен сығылған ауа немесе азот сақталатын арнайы бактар орналасқан.
Ракеталық үдеткіші бар ең қуатты «Rocket» нұсқасы сағатына 100 км жылдамдыққа 1 секундқа жетпейтін уақытта: 0,59–0,81 секунд ішінде жетеді. Қауіпсіздік үшін сынақ кезінде де «Starman» манекені отырғызылды. Илон Маск шоу барысында: «Ешкімді өлтіріп алмайық деп, қауіпсіздік үшін алғашқы сынақты толық автономды түрде жасадық», – деп қалжыңдаған.
Атақты өнертапқыш әрі физик Никола Тесланың «Қазіргі уақыт олардікі болғанымен, болашақ – жанымды салып еңбек еткен маған тиесілі» дегенін мидың «бұрышында» ұстаған керек...
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы