Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Бас мүфтимен кездесті
Бүгін Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Оразбен кездесті. Кездесу барысында Діни басқармамен арадағы ынтымақтастық мәселелері талқыланып, дінаралық келісімді нығайту және азаматтардың ар-ождан құқықтарын жүзеге асыру мәселелері қаралды. Дархан Кәлетаев имамдардың, дінтанушылардың және сарапшылардың қатысуымен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жетілдіру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті. Ал, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз өз кезегінде Дархан Кәлетаевты министр қызметіне тағайындалуымен құттықтап, алдағы жұмысына табыс тіледі.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Брюссельде Дүниежүзілік туризм форумы өтіп жатыр
10.11.2026, 20:18
Meta компаниясы балаларды әлеуметтік желіден шектемек
10.11.2026, 20:17
Ресей-Украина-АҚШ үшжақты келіссөзі басталды
10.11.2026, 20:17
Қысқа дайындық қалай?
10.11.2026, 20:16
Масылдық емес, еңбекті таңдағандар
10.11.2026, 20:15
Түркия: Металлургиялық зауыттағы жарылыстан 17 адам көз жұмды
10.11.2026, 20:14
Семейде «Digital Abai – 2026» халықаралық IT форумы өтті
10.11.2026, 20:12
Алатау – жаңа мүмкіндіктер қаласы
10.11.2026, 20:10