Басты Жаңалықтар Тексерілген 75 сауда, ойын-сауық орындарының үшеуі ғана қауіпсіз

Тексерілген 75 сауда, ойын-сауық орындарының үшеуі ғана қауіпсіз

Төтенше жағдайлар комитеті жүргізген ауқымды тексерудің нәтижесінде бір аптаның ішінде 75 нысан тексеріліп, оның тек үшеуінен ғана ереже бұзушылық анықталмаған. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында аталмыш Комитет төрағасы генерал-майор Владимир Беккер мәлім етті. Оның айтуынша, тексерілген нысандарда 1 мыңнан астам ереже бұзушылық байқалған. Тек 3 нысанда ғана барлығы талапқа сай болыпты. Тексеріс қорытындысы бойынша 72 заңды және жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

- Жалпы алғанда ойын-сауық нысандарынан ереже бұзушылықтардың барлық түрлері анықталды. Бұл - эвакуациялық шығу есігінің жабық болуы, өрт дабыл белгісінің жұмыс істемеуі, автоматты түрде өрт сөндіру жүйесінің жұмыс істемеуі, эвакуация жолдарының қоқысқа толып қалуы, эвакуация жолына арналған орында сауда нүктелерінің орналастырылуы және тағы басқалар. Демек, белгілі бір нысандағы ереже бұзушылықтардың саны 3-тен 30-ға дейін жетіп отыр.

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Бөлісу