Жайық өзенінің ахуалы алаңдатады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жайық өзенінің ахуалы алаңдатады

06.04.2018

Атыраулықтар күн санап суы тартылған Жайық өзеніне алаңдаулы. Бір топ экологтар бас қосып, түйткілді мәселені  шешу жолдарын айтты. Сондай-ақ, олар балық қорын молайтудың әдіс-тәсілін, бірегей жобаларды жүзеге асырудың тиімділігі мен туризмді дамытудың пайдасын зерделеп, ұсыныстарын билікке жеткізді.

Айта кетейік, биыл Қиғаш өзеніндегі «Ганюшкино» каналының 131 шақырымдай бөлігі, Жайықтың «Яйцкий»  арнасының 65 шақырым бөлігі  тереңдетілмек. Мамандар бұл жұмыстарды жүйелі жүргізіп, балық өсіру зауыттарының техникалық жағдайын жақсарту керектігін айтады.

Бостан Сүлейменов, Атырау облыстық экологиялық сараптама кеңесінің мүшесі:

- Қызыл балықтың қоры азайып кетті. Енді оның қорын толтыру тек қана канал қазумен, балық жіберумен шешілмейді. Қазір екі бекіре тұқымдас балықтардың шабағын өсіретін екі зауыт бар. Сол зауыттарды қайта жөндеу мәселесі шешілмей келе жатыр. Сол мәселені шешу керек.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу