Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі жиында елордадағы жеделсаты мәселесіне де тоқталды. Осыған байланысты Президент қала әкімі Әсет Исекешевке жағдайды реттеуге тапсырма берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Лифтердің жағдайы нашар. Қазақстан бойынша осындай мәселе бар. Соңғы кезде Астанада 4 бірдей жеделсаты құлап кетті. Осы түйткілді реттейтін ұйым бар шығар?
Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:
- Нұрсұлтан Әбішұлы, лифт компанияларын лицензиялау шаралары тоқтатылды. Жалпы, 50 компания бар, олардың 10 ғана талапқа сай жұмыс істейді. Жағдайды реттеу үшін ұсыныстар қабылдап жатырмыз.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Адамдар лифтіні күн сайын пайдаланады. Ол жерде тәртіп болуы керек. Тұрғындар оны пайдалануға қорықпайтындай болуы қажет.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ