Еліміздегі ұлттық парктерге келушілер қатары артқан
Еліміздегі ұлттық парктер мен табиғи көрікті аймақтарға келетін қонақтардың саны соңғы уақытта еселеп артып келеді. Мысалы, «Көлсай көлдеріне» 10 жыл бұрын бар-жоғы 6-7 мың адам келсе, былтыр 40 мыңнан астам турист барған. Бірақ, қонақтар көбейген сайын табиғатқа зиян келтіретін экологиялық факторлар да артуда. Мәселен, «демалуға барған азаматтар паркке қоқыстарын тастап, таза жерді ластап кететін жағдайлар жиі кездеседі», - дейді мамандар. Сондықтан, олар Алматы облысындағы 5 парк пен 2 қорықтың аумағында «Парктер шеруі» акциясын өткізбек. 21 наурыз бен 6 шілде аралығында болатын шара барысында ағаш отырғызу, құстарға ұя салу, жаңа бұлақтардың көзін ашу, орманды тазалау жұмыстарын жасамақ.
Амангелді СЕЙІТХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурызнама: Бүгін — Ынтымақ күні
21.03.2026, 20:48
Нұра ауданының тұрғындары Наурыз мерекесін тойлады
21.03.2026, 20:45
Қаз шаруашылығын дамытуға арналған фестиваль өтті
21.03.2026, 20:09
Шетелдегі қазақтар Наурыз мейрамын тойлатты
21.03.2026, 20:09
300 сырмақ топтамасы ұсынылды
21.03.2026, 20:08
Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
21.03.2026, 20:07
Елшілер мен халықаралық ұйым өкілдері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21.03.2026, 20:05
Түркістанда 5 күнге созылған көкпардан Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті
21.03.2026, 20:05