Биыл  30 000 адам бизнес бастауды үйренеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл  30 000 адам бизнес бастауды үйренеді

05.04.2018

Шағын және орта бизнесті қолдау аясында биыл 30 мың адам кәсіпкерлік негіздерін үйренеді. Бұл туралы бүгін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері айтты. Аталған 30 мың адамның кем дегенде бестен бір бөлігі мемлекеттен жеңілдетілген қаржылай көмек алып, бизнес бастайды.  Халықты кәсіпкерлік негіздеріне үйрету үшін «Атамекен» палатасы   сертификатталған тренерлер дайындауды қолға алған. 

Қазір осындай 80 бизнес тренер іріктеліп, сертификат алған. Олар барлық облыс орталықтары мен шағын қалаларда жұмыс істеуде. Яғни, олар кәсіп бастағысы келетін адамдар тобын жинап, оларға бизнес жоспар түзу мен өзге де қаржылық есеп-қисап жүргізуді үйретеді. Осындай курстан өткендерге ғана мемлекет есебінен жеңілдетілген қаржы беріледі. 

Айта кету керек, Президенттің бес әлеуметтік басмасы аясында кіші кәсіпкерлікті қолдауға қосымша 20 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қаржы бизнес бастаушыларға жылдық алты пайыз үстемақымен беріледі. 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу