Владимир Божко: Жастар техникалық мамандықтарды таңдау керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Владимир Божко: Жастар техникалық мамандықтарды таңдау керек

05.04.2018

Ақтөбеге барған Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко облыс орталығындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында салынған нысандарды аралап, былтыр су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Еске салсақ, өткен жылы өңірде 110 үйді су шайып,  800-дей баспана жартылай суда қалды. Зардап шеккендердің барлығына материалдық көмек берілді. Ал, жарамсыз үй иелеріне жер телімдері мен жаңа пәтердің кілттері табысталды. Қала іргесіндегі Қурайлы ауылында 80 отбасыға жаңадан үй тұрғызылды. Ауыл халқына Владимир Божко келгендегі мақсатын айтып, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасына тоқталды.

Владимир Божко, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

Баласы барларға өтініш айтамын, мамандық таңдағанда заңгер, экономист, кеден, дипломат мамандығын таңдамаңыздар. Мен инженер немесе ауыл шаруашылығы мамандығын таңдауға кеңес беремін. Өйткені, бұл мамандықтарға сұраныс жоғары, жұмыс табу да қиынға соқпайды. Елімізде осындай кадрлар тапшы. Жыл сайын оқу орындарын 18 мыңдай жас заңгер мамандығы бойынша диплом алады. Әрине, оларға жұмыс табу қиынға соғары анық. Ал, техникалық мамандықтарға Елбасы айырықша басымдық берді.

Хабарламаларға жазылу