«Нұрлы жер» бағдарламасына өзгеріс енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұрлы жер» бағдарламасына өзгеріс енгізіледі

04.04.2018

Бұған екінші жарты жылдықта жүзеге асатын «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының талаптары түрткі болып отыр. Жаңа жоба іске асқанымен, тұрғын үймен қамтудың бұрынғы бағдарламалары тоқтап қалмайды. Қайта «Нұрлы жер» бойынша баспана алудың бастапқы жарнасын 30 пайыздан 20 пайызға төмендету көзделіп отыр. Құрылыс құнын арзандату да жоспарда. Биыл банктер құрылыс компанияларына 70 млрд.теңге несие бермек.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

- Бұрын «Тұрғын үй - 91» деген бағдарлама болған. Сол кезде Қазақстанда жылына 6,5 миллион шаршы метр тұрғын үй іске қосылатын. Ал, өткен жылы біз 11 млн-нан астам шаршы метр тұрғын үйді іске қостық. Ол 100 мыңнан астам баспана.

Сондай-ақ, министр биыл ауыл-аймақты ауызсумен қамтуға 100 млрд. теңге қаралатынын айтты. Қаражат тіршілік нәрінен тапшылық көріп отырған Батыс Қазақстан, Павлодар секілді облыстардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жұмсалады. Ал, жол құрылысына жалпы 140 млрд. теңге бөлінбек. Оған 4 мың шақырым жол қалпына келтіріледі.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу