Бұл туралы Батыс Қазақстанға арнайы барған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова мәлімдеді. Қанатқақты жобаны алғашқылардың бірі болып №3 қалалық емхана сынақтан өткізеді. Қазір мекеме 46 мыңдай адамды медициналық қызметпен қамтып отыр. Мұнда 58 құжат түрі электронды қызметке ауысқан. «Жаңа жүйенің игілігін алдымен жүрек -қан тамырлары ауруымен ауыратын науқастар көреді», - дейді мамандар. Өйткені, облыстағы 23 мыңға тарта мүгедек жанның басым бөлігі осы дертке шалдыққан. Аталған жүйе Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарында да жүзеге асырылады.
Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:
- Бұл алдымен, науқастар үшін өте тиімді. Өйткені, бұрынғыдай мүгедектігін растау үшін есік тоздырып жүрмейді. Екіншіден, бұл жемқорлықтың алдын алу үшін жасалып отырған шара. Яғни, дәрігерлер науқастың денсаулығын тек оның медициналық көрсеткіштеріне сүйеніп қана бағалай алады.