Елордада оқушылар арасында эко-фестиваль басталды
Елордада «Астана! Бірге жарқыраймыз!» эко-фестивалі басталды. 100-ден астам мектептің 4000-ға жуық оқушысы бас қосқан бұл жиында қоршаған ортаны қорғау туралы мол мағлұмат беріледі. Шараны БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен «Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры» ұйымдастырып отыр. Елордада тұсауы кесілген фестиваль өзге қалаларда жалғасып, қараша айында аяқталады. Мұндай фестиваль балаларды таза аймақ қалыптастыруға бейімдеп қана қоймай, ғылыми тұрғыда жұмылдыруды көздейді. Сол мақсатта оқушылар қоршаған ортаны қорғауға арналған авторлық жобаларын ала келген. Мәселен, «Зерде» мектебінің оқушысы Санжар Пернебаев қоқыс қалдықтарынан газ, электр энергиясы, жылу және тыңайтқыш өндіруді ұсынып отыр.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Брюссельде Дүниежүзілік туризм форумы өтіп жатыр
10.11.2026, 20:18
Meta компаниясы балаларды әлеуметтік желіден шектемек
10.11.2026, 20:17
Ресей-Украина-АҚШ үшжақты келіссөзі басталды
10.11.2026, 20:17
Қысқа дайындық қалай?
10.11.2026, 20:16
Масылдық емес, еңбекті таңдағандар
10.11.2026, 20:15
Түркия: Металлургиялық зауыттағы жарылыстан 17 адам көз жұмды
10.11.2026, 20:14
Семейде «Digital Abai – 2026» халықаралық IT форумы өтті
10.11.2026, 20:12
Алатау – жаңа мүмкіндіктер қаласы
10.11.2026, 20:10