Қызылордадағы шыны зауытының құрылысы аяқталып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордадағы шыны зауытының құрылысы аяқталып қалды

30.03.2018

Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко бастаған депутаттар  Қызылорда облыстық ассамблеясы өкілдерімен, ардагерлермен, ғалымдармен, сондай-ақ, қала активімен, жергілікті мәслихат депутаттарымен  кездесті. Басқосуларда  Президенттің 5 әлеуметтік бастамасының мән-маңызы айтылды. Сондай-ақ, депутаттар еліміздегі ауқымды индустриалды жоба саналатын шыны зауытының құрылысын көрді.  Бұл жерде Орталық Азиядағы өндіріс орны  болады. Кәсіпорынға қажетті құрал-жабдықтар түгел жеткізілді, мамыр айынан бастап оларды орнату  жұмыстары жүргізіледі.      

Владимир Божко, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

- Бұл экономиканы әртараптандыру тұрғысындағы маңызды жоба. Зауыт құрылысын тәжірибесі мол қытайлық компания ойдағыдай аяқтап, өндіріс орнын мерзімінде іске қосады деп ойлаймын. Жалпы, өңірдің экономикасы жақсы ілгерілеп келеді. Шикізаттық сектордан өнеркәсіптік бағытқа  ден қойды. Соңғы бес жылда көптеген өндіріс орны ашылды. Шикізат барынша пайдаланылуда. Облыста шағын және орта кәсіпкерліктің де дамуы көңіл қуантады. 

 Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу