Екі жылда елімізде әділет саласының 40 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі жылда елімізде әділет саласының 40 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылған

30.03.2018

Соңғы екі жылда елімізде әділет саласының 40 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олардың тең жартысы – сот орындаушылары. Қазір Астана қаласы Әділет департаменті басшысының бұрынғы орынбасары, басқарма басшысы және бір сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа баратындар жалақының аздығын, әкімшілік кедергілерді, мемлекеттік сатып алу жүйесінің осалдығын сылтау етеді. Індеттің алдын алу үшін агенттік елорда әкімдігімен бірлесіп «Астана – адалдық алаңы» жобасын қолға алды. Мақсат – тұрмыстық жемқорлықтың алдын алу. «Сот орындаушылар туралы заңға өзгерістер енгізу керек», - дейді мамандар.

Хакім Көшқалиев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі:

- Сот орындаушылардың көбі Сот үкімін, шешімдерін уақытында орындамайды. 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу