Жастар ел мүддесі үшін қызмет етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар ел мүддесі үшін қызмет етеді

29.03.2018

«Жаңа әлемге жол саламыз». «Жас Отан» жастар қанатының төртінші республикалық съезінде осындай құжат қабылданды. Оның негізінде жастар жұмылып, мемлекет мүддесіне қызмет етулерін күшейтуі қажет. Еліміздің ең белсенді жастары бас қосқан форумда бірқатар сұрақтар көтеріліп, ұсыныстар айтылды. Мәселен, «жасотандықтар» бірқатар кітаптардың сапалы түрде қазақ тіліне аударылуын қамтамасыз етпек. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Digital nation» жобасы іске қосылады. Оның аясында жас өнертапқыштар мен тиімді стартап жобаларға қолдау көрсетілмек. Осы сияқты ел үшін пайдалы жұмыстарды жастар қолға алып, белгілі межелерді қиындықсыз еңсермек.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Елбасының 5 әлеуметтік бастамасындағы қолжетімді баспана, сапалы жоғары білім, шағын несие көлемін ұлғайту да жастарға берілген жаңа мүмкіндіктер деп қарастыру керек. Сондықтан, ел жастары Елбасының стратегиялық бастамаларын жоғары бағалап, қадірін түсініп, оларды жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етіп, бар күш-жігерін жұмсауы тиіс.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу