Қостанайлықтардың суға берешегі 120 млн теңгеден асып кеткен
«Қостанай-Су» кәсіпорынының мамандары коммуналдық қызмет ақысын төлеуден жалтарғандардың үйлерін аралап, ескертуге құлақ аспағандарға суық су беру тоқтатылатынын хабарлады. Үш айдан бері қарызын өтемегендер саны 753 тұрғын шамасында. Борышкерлер санатында ірі кәсіпорындар да бар. Мысалы, облыс орталығындағы «Север Птица» құс фабрикасы 5 млн. теңгеден артық берешек.
Надежда Ермашова, «Қостанай-Су» МКК бөлім басшысының орынбасары:
- Қарыз көбейсе, біздің кәсіпорын өз шығынын жаба алмайды. Сәйкесінше, қаланы тіршілік нәрімен қамту қиындайды. Егер ескертулерге азаматтар құлақ аспаса, онда олармен сот орындаушылар жұмыс істейді. Дүние-мүлкін тәркілеу сияқты қатаң шаралар қолданады.
Данияр СҰЛТАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Брюссельде Дүниежүзілік туризм форумы өтіп жатыр
10.11.2026, 20:18
Meta компаниясы балаларды әлеуметтік желіден шектемек
10.11.2026, 20:17
Ресей-Украина-АҚШ үшжақты келіссөзі басталды
10.11.2026, 20:17
Қысқа дайындық қалай?
10.11.2026, 20:16
Масылдық емес, еңбекті таңдағандар
10.11.2026, 20:15
Түркия: Металлургиялық зауыттағы жарылыстан 17 адам көз жұмды
10.11.2026, 20:14
Семейде «Digital Abai – 2026» халықаралық IT форумы өтті
10.11.2026, 20:12
Алатау – жаңа мүмкіндіктер қаласы
10.11.2026, 20:10