Атырау облысының Миялы ауылында «адам өлтіруге оқталды» деген күдікпен жергілікті азамат ұсталды
Атырау облысы Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылында «адам өлтіруге оқталды» деген күдікпен жергілікті азамат ұсталды. Тергеу дерегі бойынша карта ойнаған төрт жігіттің арасында жанжал туындаған. Ашуға ерік берген күдікті үйіндегі оқталған аңшы мылтығын алып, есептеспек болған. Екі рет оқ атқан. Ақыры бір адам жарақат алып, аудандық ауруханаға түсті.
Боранбай Ғалиев, Атырау облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Қызылқоға аудандық сотының тергеу судьясының қаулысымен кісі өлтіруге оқталған күдікті Т.М.-ға қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Брюссельде Дүниежүзілік туризм форумы өтіп жатыр
10.11.2026, 20:18
Meta компаниясы балаларды әлеуметтік желіден шектемек
10.11.2026, 20:17
Ресей-Украина-АҚШ үшжақты келіссөзі басталды
10.11.2026, 20:17
Қысқа дайындық қалай?
10.11.2026, 20:16
Масылдық емес, еңбекті таңдағандар
10.11.2026, 20:15
Түркия: Металлургиялық зауыттағы жарылыстан 17 адам көз жұмды
10.11.2026, 20:14
Семейде «Digital Abai – 2026» халықаралық IT форумы өтті
10.11.2026, 20:12
Алатау – жаңа мүмкіндіктер қаласы
10.11.2026, 20:10