Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтық бастамалардың конгресі өтті. Онда үкіметтік емес ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі мен арнайы құрылған мониторингтік топ жұмысы талқыланды. Жемқорлықты тоқтатудың тиімді тетіктері қаралды. Соның бірі – қоғамдық бақылау картасының жаңа жобасының жүзеге асырылуы. Онда әрбір тұрғын бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылау мүмкіндігіне ие болады. Ал, құқық бұзу дерегі тіркелген жағдайда әлеуметтік желі арқылы хабарлай алады. Тағы бір жаңа бастама - «Адал жол» марафон-эстафетасы. Жемқорлықпен күресті насихаттауға бағытталған ақпараттық марафон барлық елді мекендерді қамтиды.
Дәурен Каипов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы департаменті басшысының орынбасары:
- «Адал жол» марафон-эстафетасы Тараз қаласынан бастау алып, барлық облыстарды аралап, 9-желтоқсан – Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай қорытынды форуммен жалғасын табады.
Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ